Облыс орталығындағы қазақ тілінде білім беретін «Жас дарын» аталатын мектеп оқу-білімге талпынысы ерекше оқушылар үшін 1999 жылы ашылды. Бұл күндері мектепте 340 оқушы білім алуда. Ал, мектеп қаладағы бұрынғыдан келе жатқан тарихи ғимараттардың бірінде орналасқан. Мектепте 14 оқу кабинеті бар, химия, физика, биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Жалпы, оқыту үдерісі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта жүргізіледі. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда ағылшын тілі мен қазақ тілі тереңдетіліп оқытылады. Көптілділікті дамыту бағыты 5-сыныптан басталады. Елжандылық, отаншылдық, елді сүю, патриоттық тәрбие сабақтары жүргізіледі. Елбасы Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу басты мақсат екені айтылды. Қазір біздің еліміздегі көптеген мектептер халықаралық байқауларға қатыса аламыз. Осы арқылы оқушылардың жетістіктері мен білімдері көрінетіні сөзсіз. Мектептің білім беру, тәрбиелік кеңістігін ғылыми жобалар, сайыстар, интеллектуалдық марафон, көркем шығармашылық бағытындағы жобалар құрайды. Үздік оқушылары халықаралық, республикалық байқауларға қатысуда. Ғылыми жобалар жазып, мектеп қабырғасында жүріп, ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оқушыларымыз Мохамед Әл Әмір, Еркегүл Асайын, Тұрсын Махмұд, Даниял Хабиболла, Аружан Тұрғанова, Дария Шеген, Күләш Қоңырова, Әлия Ақбаева және басқа ұл-қыздарымыз мектептің мақтаныштары. Білімді, көп тіл білетін болашақтың мамандары ержетіп келеді деген сөз.
– 2009 жылы мектеп ғимаратынан бөлек спорт залы салынды. Оқушылар денешынықтыру сабағына бару үшін екі арада жүрді. Содан бері облыс әкімдігіне оқу корпусы мен спорт залдың арасын қосатын өтпелі аралық галереяның салынуын сұрап бірнеше рет өтініш жаздық, – дейді мектеп директоры Сәуле Хасанова.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше