Заң • Бүгін, 11:37

Қазақстанда қолма-қол ақша жасайтын 81 топ анықталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қолма-қол ақша жасайтын 81 топ анықталды

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Жыл басынан бері қаражат айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 81 қолма-қол ақша жасайтын топ әшкереленіп, қылмыстық кірістерді жылыстату схемаларына тартылған 130 крипто-биржаның қызметі тоқтатылған. 

Көлеңкелі өндіріске қарсы күрес аясында темекі және алкоголь өнімдерін шығаратын 18 жасырын цех жойылды.

«Бұдан басқа, көлеңкелі айналымнан жалпы құны 12 млрд теңге болатын вейптер шығарылды, бұл заңсыз нарық ауқымын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. 17 млрд теңгеге мұнай өнімдерін заңсыз әкету тоқтатылды. 62 жасырын казино жойылды», деді Қайрат Бижанов.
 
ҚМА құрылыс саласында 242 млрд теңгеден астам негізсіз шығындардың алдын алған. Бұл  сома өткен жылмен салыстырғанда алты есеге көп.
 
«Мұндай нәтижелерге қол жеткізу жобалық-сметалық құжаттамалардағы материалдардың құнын асыра бағалауды анықтауға арналған «AQIQAT» ақпараттық жүйесінің енгізілуінің арқасында мүмкін болып отыр», деді Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары.