Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебі мен облыстық Жастар саясаты басқармасы «Қысқы бал» қайырымдылық шарасын өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, мидың сал ауруына шалдыққан балаларға қамқорлық көмек көрсету.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен қысқы балға химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы мен 100 мұғалімі қатысты. Церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға жұртшылықтың назарын бұру мақсатында ұйымдастырылған кеште домбыраның қоңыр үні күмбірлеп, әуезді әсем әндер шырқалды. Кешке облыстық филармонияның симфониялық оркестрі қолдау көрсетіп, әлем композиторлары мен қазіргі заман авторларының шығармаларын ойнады.
– Қысқы қайырымдылық концертінің қатысушылары мәдениет пен сұлулықты, мейірімділік пен қамқорлықты алдымен мұқтаж жандарға арнайды. Бұл – қаламыздағы игі бастамалардың бірі. Өйткені, оқушылардың ортаға салған өнері мен көмекке зәру жандарға қамқорлық танытқан ата-аналардың арқасында жүйке жүйесінің сал ауруына шалдыққан балаларға қолдау көрсетілді, – деді Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бауыржан Ұзақбай.
Аталған шарада церебральды сал ауруына шалдыққан 5 жасқа дейінгі 8 балаға жаңа арба берілді. Оның алтауы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкіліне тапсырылды. Басқарма мамандары арбаларды сал ауруына шалдыққан балалардың үйлеріне апарып бермек. Ал қалған екі арба балға дейін облыс аумағында тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға жіберілген болатын.
Кеш барысында демеушілік көрсеткен ата-аналар, мектеп қызметкерлері мен өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерінен құралған қайырымды азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше