
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту қолға алынды. Тиісті жұмыс жүріп жатыр. Ол медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысы.
Биыл шілде айында қабылданған заң МӘМС жүйесін жетілдіруге бағытталған. Ол медициналық көмектің бірыңғай пакетіне және сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етеді. Жаңа заң аясында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі кеңейіп, денсаулық сақтау саласының ұзақмерзімді қаржылық тұрақтылығын нығайту көзделіп отыр.