Аймақтар • Бүгін, 17:23

Талдықорған қаласына 7 қазанда жылу беріледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімдігінің мәліметінше, жылу бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға – балабақшаларға, мектептерге, медициналық мекемелерге және басқа да әлеуметтік мекемелерге беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорған қаласына 7 қазанда жылу беріледі

Фото: Ашық дереккөз

Биыл жылу жүйесі 750 көпқабатты үй, 1285 жеке тұрғын үй, 210 бюджеттік ұйым және 1322 коммерциялық нысанды қамтиды.

Тұрғындарға пәтерлері мен үйлеріндегі жылу жүйелерінің жай-күйін алдын ала тексеріп, ақауларды жою, сондай-ақ инженерлік желілерге кедергісіз кіруді қамтамасыз ету ұсынылады.

Қалалық коммуналдық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істеп, тұрақты жылумен қамтуға дайындық жұмыстарын аяқтап қалған. Өңірде жылыту маусымы белгіленген нормаларға сәйкес және ауа райы жағдайларын ескере отырып басталатыны атап өтілді.