ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында Алматы қаласына World Craft City – әлемдік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды. Бұл шешімді World Crafts Council Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі қабылдады.
Фестивальге Қазақстан, Азия, Еуропа, Австралия және АҚШ елдерінен 100-ден астам шебер қатысып, Орталық Азияның қолөнер саласындағы ең айтулы оқиғаға айналды.
Бұл мәртебе Алматының креативті индустрия, мәдени туризм және қолөнер экожүйесін дамытуына серпін береді.