
Фото: ШҚО прокуратурасы
«Есірткі граффитилерін» өшіруге 100-ге жуық адам қатысқан. Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталған.
ШҚО прокуратурасы рейдтердің нәтижесінде «Есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша 8 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Құзырлы орган мұндай жазуларды салу — бейқам әрекет емес, бұл қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және ауыр жазаға, тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін екенін ескерткен.