Экономика • Бүгін, 12:55

Бірнеше қалада заңсыз майнинг фермалары әшкереленді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде заңсыз майнингпен айналысқандарға қатысты қылмыстық істер көбейіп жатыр. 2024 жылдың басынан бері 17 іс тіркеліп, жалпы шығын көлемі 1,3 млрд теңгеге жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Бірнеше қалада заңсыз майнинг фермалары әшкереленді

Ең көп жағдай елордада анықталды, 6 заңсыз ферма жұмыс істеп келген. Шымкент пен Қостанайда да үш-үштен дерек тіркелген. Тергеу барысында шамамен 642 мың доллар көлеміндегі цифрлық актив тәркіленді.

Кейбір майнинг фермалары электр энергиясын заңсыз пайдаланып келген. Мұндай 5 ферма тұтынған энергия көлемі бүтін бір қаланың шығынымен тең болып шықты. Оның үстіне фермалар орналасқан аудандарда тұрғындардың тыныштығына да нұқсан келген.

Айта кетейік, кейінгі үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Бұл көрсеткіш саланы заңды жолға қойып, реттеудің маңызын көрсетіп отыр.