Мектеп • 02 Қазан, 2025

Елімізде мектеп директорлары тапшылығы үш есе азайған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасы 2023 жылдан бері іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан жоба басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде мектеп директорлары тапшылығы үш есе азайған

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Президенттік жастар кадр резервінің үлгісінде жасалған жоба нәтижесінде 2023-2024 жылдары 583 педагог резервист атанды. Оның 400-ден астамы басшылық қызметке конкурссыз тағайындалса, 40 директор бүгінде «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында ашылған мектептерді басқарып отыр. Осылайша, мектеп директорлары тапшылығы үш есе азайған.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2025 жылы тағы 428 үміткер оқудан өтті. НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығында мектеп директорларының орынбасарларын оқыту 21 шілдеде басталып 12 қыркүйекте аяқталды. Білім берудегі өзгеріс көшбасшылары бірнеше кезең бойы іріктеліп, үш деңгейде біліктілігін арттырған соң қорытынды бағалауға жіберілген еді.

Бағдарлама қатысушылары 15-26 қыркүйек аралығында өткен қорытынды бағалаудан өту үшін рефлексивті есеп әзірледі. Онда үміткерлер алған білімдерін тәжірибеде қолдана білетінін дәлелдеуі қажет. Аталған материалдар белгіленген критерийлерге сәйкес тексеріліп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының сыртқы сараптамасына жолданды. Бұл кезеңнен сәтті өткен мамандар кадрлық резервке қосылу үшін Оқу-ағарту министрлігі жанындағы комиссиямен әңгімелесуге жолдама алды.

Естеріңізге салайық, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтаған және кадр резервіне кірген мамандар конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ тағайындалады.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05