
Арқа күйшілік мектебінің бүгінгі өкілі Қайрат Айтбаев бабалар сазын орындап қана қоймай, тыңдарманға жаңа форматта жеткізіп жүрген синкретті өнерпаз. Ол күй тарихы, күйшінің шығармашылық зертханасы хақында бірқатар еңбек жазып, өнертану ғылымына ересен үлес қосқан зерттеуші. Тәттімбет мерейтойына арналған кеш те көрерменді жаңаша таңғалдырары анық.
Кеш жүргізушісі – ақын Ұмтыл Зарыққан.
Арнайы қонақтар қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәулескер күйші, музыкатанушы ғалым Жанғали Жүзбай, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Дүйсен Қасейінов бар.
Бағдарламада жас ақындардың поэзиясы, дәстүрлі ән мен күй өнерінің озық үлгілері ұсынылады. Кешке ақындар Тілеубек Батысұлы мен Төлеген Миллат, дәстүрлі әнші Сержан Мұсайын, әнші Күнсұлу Түрікпен, күйшілер Мұрат Сұлтанбай, Айтолқын Тоқтаған, Венера Табыс, Айдос Саниязбекұлы, Жақанов Нұрмұханмет және жас талант Әлихан Молдабекұлы қатысады.
Күй мен жыр қатар өрілетін кеш 16 қазаны күні, сағат 19:00-де өтеді.