21 Наурыз, 2015

Абыз күн

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Құт пен ырыс бесігі, Нысаппен келген несібі. Алты Алашқа әйгілі, Әз Наурыздың есімі, Айқара ашық бұл күні, Әр мұсылман есігі. Дастарқаны жайылған, Абызы бата қайырған. Баршаға дәмін ұсынған, Ірімшік құрты, майынан. Жеті дәм қосқан тағамға, Көжесі піскен қазанда, Саулық пен бақыт тілеген, Көріскен барша адамға. Наурыздай ұлық күн бар ма? Дөңгелек мына ғаламда. Реніш, өкпе сөгіліп, Қамшыдай тілек өріліп, Ақ бата нөсер құйылған, Көңілге нұрдай төгіліп. Айнала бөгіп ғажапқа, Құлпырып бөктер, алап та, Әз Наурыз Алла сыйы ғой, Береке берген қазаққа! Мақсат Жеңісұлы.