Футбол • 30 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалауға 5 мың шетелдік турист келді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы Туризм басқармасы «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасап.

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалауға 5 мың шетелдік турист келді

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.

Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ. Сарапшылардың мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35