
Қала әкімдігінің мәліметінше, тегін автобус маршруттары орталық стадионнан матч аяқталғаннан кейін негізгі бағыттардағы соңғы аялдамаларға дейін жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды.
Сонымен қатар, қала метросының жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады. «Байқоңыр» және «М.Әуезов атындағы театр» бекеттерінде матч өткізу кезінде жолаушылардың қауіпсіздігі мен сапалы қызмет көрсету үшін қызметкерлер саны күшейтіледі.