Қоғам • Кеше

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

— Қытай Халық Республикасының Құрылған күні (2025 жылғы 1-3 қазан) және Күзгі мейрам (2025 жылғы 6 қазан) мерекелеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жұмысын тоқтатады. Осы күндері жеке тұлғаларға, көлік құралдары мен жүк тасымалдарына өткізу жүргізілмейді, — деп мәлім етті комитеттегілер.

Сонымен қатар, теміржол өткізу пункттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, көлік-логистика байланысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар