
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, басты мақсат – мүгедектік санаты бар тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсетудің құнын анықтау.
«Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы бұзылмауына, инватакси қызметімен қамтуға, олардың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық беріледі. Бұл қадам мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету құнын нақтылау, қолжетімділікті пен сапасын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Қазір облыста бес мекемедегі қызмет тарифін бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал аудандардағы тарифтерді жергілікті әкімдіктер бекітеді. Атырау қаласы мен әр ауданда шығындарды нақтыланып, белгіленген мерзімге дейін тариф бекітілуі қажет», дейді Жасұлан Бисембиев.