Ауа райы • Бүгін, 13:00

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, бүгін еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Сондай-ақ аймақтарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото: Ашық дереккөз

Ақтөбе мен Қостанай аймақтарында күндіз ауа температурасы 10°С-қа дейін төмендейді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында найзағай ойнап, кейбір жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан өңірлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Жетісу, Абай, ШҚО мен Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл мен Жетісуда екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болады.

Ал Шығыс Қазақстанның шығыс бөлігінде түнде 1°С-қа дейін үсік жүреді.