Шаруашылық • Бүгін, 08:02

Қамбаға астық құйылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінің ди­қандары биылғы орақта тамаша нәтижеге жетіп отыр. Кейбір озық ша­руашылықтар арпаны гектарынан 40,5, бидайды 41,5 центнерден алған. Мәселен, жылына 10 мың гектар жерге егін салатын «Новомихайловский-2003» ЖШС басшылығының айтуынша, мұндай жетіс­тікке барлық агротех­ника­лық шараны жіті ат­қарғандықтан жеткен.

Қамбаға астық құйылды

«Қазір барлық алқаптың ­50 па­йызына жуығын бастырып ­бол­дық. Орақты 4 тамызда бастаған ­едік. Алдымен бұршақ пен жасы­мықты жинап алдық. Бұлар қазір ­үлкен сұранысқа ие, бағалары да жақсы. Былтыр арпаның өнімділігі гектарына 30 центнер болған, биыл міне, 40,5 центнерге жетті. Би­дай да былтырғыдан 4 центнерге жоғары. Минералды тыңайт­қыштарды уақытында жеткізіп, жаз күндері жасалатын агротехникалық шараларды да мезгілінде орындадық. Оның үстіне, Үкіметтің берген көме­гінің арқасында жаппай озық техникаларға қолжеткіздік. Мы­салы, биыл жасанды интеллект жүйесі орнатылған екі комбаин сатып алдық. Сапасы өте жақсы, кабиналарының жайлылығы да керемет», дейді шаруашылық басшысы Вячеслав Щеголев.

Оның сөзінше, министрлік көктемгі дала мен күзгі орақ жұ­мысына едәуір ар­зан­датыл­ған дизель отын беріпті. Оның да көмегі орасан. «Кең Дала-2» ар­қылы қаржы­ландыру 2,5 есе артып, 104,4 млрд теңгеге жеткен. 37 млрд теңгесі «Солтүстік» ӘКК» АҚ ар­қылы берілсе, қал­ғанын «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөліпті. Облыстық ауыл ша­руа­­шы­лығы басқармасы биыл ор­­таша гектар түсімі 16,5 цент­нер­ден айналады деп болжайды.

Бүгінге дейін облыс көле­мінде 1 млн 100 мың гектардай жердің астығы алынды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы