
«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры Қайрат Пазылбек ойындардың сәтті ұйымдастырылғанын, сайыстар ауыл спортшыларының жақсы дайындық деңгейін көрсеткенін, өңірлерде бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қатысушылар аламан бәйге, топ бәйге, аударыспақ, жамбы ату, көкпар, құсбегілік, теңге ілу, қазақ күресі, жекпе-жек, тоғызқұмалақ, армрестлинг, үстел теннисі сияқты спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетті.
«Жарыстар – күш пен шеберлікті сынайтын дода ғана емес, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен өңіраралық достықты нығайтудың маңызды факторы. Мұндай ауқымды іс-шаралар туризмнің дамуына, халықтың денсаулығын нығайтуға, спорттық инфрақұрылымды жақсартуға серпін береді», деді Қ.Пазылбек.
Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының командасы бірінші орынды, Алматы облысы екінші орынды жеңіп алды. Жүлделі үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы иеленді.
Келесі ойындар төрт жылдан кейін Солтүстік Қазақстан облысында өтеді.
Алматы облысы