21 Наурыз, 2015

Елшімен кездесті

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің депутаты Қ. Сұлтанов Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Элишка Жигова және елшінің орынбасары Ладислав Штайнхюбелмен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Тараптар екі ел арасында экономика, медицина, мәдениет және туризм салаларындағы байланысты дамытудың мүмкіндігі зор екенін алға тартып, екіжақты қарым-қатынасты кеңейтудің, парламентаралық байланысты нығайтудың маңызды сұрақтарын талқылады. Аймақтық және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесі сөз етілгенде Қ. Сұлтанов осы саладағы Елбасының  маңызды қадамдары мен Қазақстанның қосып жатқан үлесі туралы әңгімелеп, көпжақты дипломатия саласындағы еліміздің белсенді қызметіне де тоқталды.  Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі де назардан тыс қалмады. Өз кезегінде елші Чехия кәсіпкерлерінің аталған көрмеге белсене қатысатындығын мәлімдеді.