Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдады

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс екінші оқылымда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді қабылдады. Заң жобаларын Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде депутаттар әзірлеп, елімізде жасанды интеллект технологиясын дамытуға құқықтық негіз жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдады

Фото: Ашық дереккөз

Заң арқылы алғаш рет жасанды интеллект, модель, жүйе, деректер кітапханасы, синтетикалық нәтиже сынды жаңа құқықтық ұғымдар орнықтырылып отыр.

Жасанды интеллектінің адамдарға зиян келтіруі мүмкін бірқатар функциясын пайдалануға заң арқылы тыйым салынады:

  • Адамдардың саналы түрде берген келісімінсіз мінез-құлқына әсер ететін жасанды интеллектіні қолдануға;
  • Адамдардың әлсіздігін (жасы, мүгедектігі, әлеуметтік жағдайы) әдейі пайдаланатын жасанды интеллектіні пайдалануға;
  • Адамдарға әлеуметтік мінез-құлқы немесе сипаттамалары бойынша баға беруге немесе оларды жіктеуге (әлеуметтік скоринг);
  • Адамдардың эмоцияларын олардың келісімінсіз талдау үшін жасанды интеллектіні пайдалануға;
  • Заңда рұқсат етілген жағдайлардан басқа нақты уақыт режимінде көпшілік орындарда бет-әлпетті тану үшін жасанды интеллектіні қолдануға;
  • Жасанды интеллект қызметінің заңда тыйым салынған нәтижелерін жасауға және таратуға.

Сонымен қатар жасанды интеллекттіні әзірлеу және енгізу үшін Ұлттық платформа құрылады. Ол деректер кітапханаларына, жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу және пайдалану ортасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше