Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда 80% кәсіпкерлер салық төлемейді — Қаржы вице-министрі

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы салық тәртібіне қатысты алаңдатарлық деректерді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинарда жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 80% кәсіпкерлер салық төлемейді — Қаржы вице-министрі

Фото: Ашық дереккөз

«Бүгінгі күні еліміздегі 2 миллион жеке кәсіпкердің 44%-ы декларацияда ешқандай айналым көрсетпейді немесе мүлде декларация тапсырмайды. Бұл шамамен 1 миллионға жуық жеке кәсіпкер өз айналымын жасырып отырғанын білдіреді. Жалпы алғанда, бизнес субъектілерінің тек 20%-ы ғана жылына 1 миллион теңгеден жоғары салық төлейді, ал 80%-ы салық төлемейді», деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, жағдайды бақылау-кассалық машиналарды дұрыс пайдаланбау да ушықтырып отыр.

«Қазір 400 мыңнан астам кассалық аппаратынан мүлде чек берілмейді. Ал 260 мыңы күніне небәрі бір ғана чек береді. Бұл негізінен шағын бизнеске тән құбылыс. Осындай жағдайда салық тәртібі қалай сақталады? Біздегі ең басты мәселе – салықтық тәртіптің әлсіздігі» деп түсіндірді вице-министр.

Сонымен қатар ол мемлекет тарапынан қолға алынған ынталандыру шараларының тиімділігін де атап өтті. Мәселен, 10 өңірде іске асқан «салықтық кэшбэк» жобасы тұтынушыларды чек талап етуге үйретіп, нәтижесінде чектер саны 1,5 есеге артқан.

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, тіркелген 2 миллион жеке кәсіпкердің басым бөлігі заң жүзінде нөлдік есеп тапсырады, әрі олардың қатарында жалдамалы қызметкерлер жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025