Әлем • Бүгін, 13:47

Қытайда алғаш рет робот докторантураға оқуға түсті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шанхай театр институты алғаш рет адам емес студентті қабылдады. «Сюэба 01» деп аталатын робот енді алдағы төрт жылда «Сандық орындаушылық дизайн» мамандығы бойынша білім алады, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда алғаш рет робот докторантураға оқуға түсті

Фото: Синьхуа

175 см бойлы, 32 келілік гуманоид сахналық қимылдар мен дәстүрлі қытай операсының техникасын жүйелі түрде зерттемек. Жоба Шанхай театр институты мен Шанхай политехникалық университетінің бірлескен бастамасы. Университет инженерлері роботтың техникалық базасын әзірлесе, театр институты оның көркемдік қабілетін дамытуға жауапты.

Айта кетейік, «Сюэба 01» бұған дейін Бейжіңдегі жартылай марафонда гуманоид роботтар арасында жүлдегер атанған «Синчжэ № 2»-нің жетілдірілген нұсқасы. Жаңа модель жеңіл биомиметикалық бұлшықеттермен, шынайы мимика жүйесімен және үздіксіз 6 сағат жұмыс істеу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ол 100-ден аса адамға тән бет қимылын жасап, көрермен реакциясына қарай өз қойылымын бейімдей алады.

Жоба жетекшілері робот әзірге қозғалыс мәнерінде жетілуді қажет ететінін айтады. Сондықтан кәсіби орындаушылардың қимылын көшіріп, арнайы деректер жиынтығы арқылы үйрету көзделген. Болашақта ол бейнежазбалардан тікелей үйрене алады деп күтіледі.

Шанхай театр институтының профессоры Ян Цинциннің айтуынша, бастаманың басты мақсаты — өнер мен технологияны түйістіріп, қытай операсы сияқты мәдени мұраның жаңа буынға жетуіне жол ашу.

 

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше