Ауа райы • Бүгін, 13:10

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің хабарлауынша, елімізде қыркүйек айының 25, 26 және 27-і күндері атмосфералық фронтальді бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

Фото: Pixabay

26 қыркүйекте Батыс пен Солтүстік-батыста, ал 27 қыркүйекте Солтүстік пен Солтүстік-батыс өңірлерде нөсерлі жауын-шашын күтіліп, кей жерлерде бұршақ аралас жауын мен қатты жел соғады. Сондай-ақ, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Батыс өңірінде түнгі көрсеткіштер 12–17 градустан 2–7 жылылыққа дейін төмендеп, кей жерлерде 2°С-қа дейін үсік жүреді. Күндізгі температура 20–28 градустан 10–23°С аралығына дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде 7–15 градустан 3–11 жылылық күтіледі. Күндізгі температура 23–29-дан 10–18°С-қа дейін өзгереді.

Солтүстік өңірде түнде 10–16 және 5–13 °С шамасында жылы болса, күндіз 20–28-ден 12–25 °С аралығында сақталады.

Орталықта түнгі температура 5–13 °С, күндіз 20–25 °С жылы болады. Ал шығыста түнде 0–8-ден 7–15 °С-қа дейін жылылық күтіледі, кейбір аймақтарда 2°С-қа дейін үсік болуы ықтимал. Күндізгі көрсеткіштер 15–25-тен 20–28 °С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстікте түнде 5–15 °С жылы, күндіз 25–30 °С ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыста түнгі температура 5–13-тен 7–15 °С аралығында болса, күндіз 15–27-ден 22–30 °С-қа дейін көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше