Салық • Бүгін, 08:35

Салық жүйесіне ашықтық керек

60 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2026 жылғы 1 қаңтарда Салық кодексінің жаңа нормалары күшіне енеді. Осыған орай Атырауда семинар өтті. Мемлекеттік кірістер комитеті Әдіснама департаментінің директоры Ораз Абдрахмановтың айтуынша, бизнес өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын теңгерімді әрі әділ салық жүйесін құруға басымдық беріледі.

Салық жүйесіне ашықтық керек

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Жаңа Салық кодексіне сәй­кес, декларация негізінде жеңіл­детілген арнайы салық ре­жімі енгізіледі. Бұл талап табысы 600 мың айлық есептік көр­сеткішке (шамамен 2,4 млрд теңге) дейінгі шағын және орта бизнес субъектілеріне арналып, әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталып отыр. Яғни есеп тапсыру жеңілдеп, аталған режімге жеке кәсіпкер ретінде міндетті тіркеусіз ауысуға мүмкіндік беріледі. Ал қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК-ке (шамамен 40 млн теңге) дейін азайтылды. Сөйтіп, төлеушілер шеңбері кеңейеді. Сондай-ақ реформа есептілік көлемін 30%, ал салықтарды 20%-ға дейін азайтуды көздейді.

«Кәсіпкерлерден берешекті өндіріп алудың неғұрлым икемді әрі жұмсақ тәртібі қарастырылып отыр. Егер қарыз мөлшері аз болса, компаниялардың шот­тары автоматты түрде бұғаттал­майды. Бұл бизнеске операция­ларды тоқтатпай, қызметін жал­ғастыруға мүмкіндік береді. Қа­таң шаралардың орнына алдын ала ескертулер мен хабарламалар жіберіледі. Кемшіліктер тек жүйелі түрде байқалған жағ­дайда ғана кезең-кезеңімен өндіріп алу тетігі енгізіледі. Мұндай қадам шағын және орта бизнеске қысымды төмендетіп, кәсіпорындарға орнықты жұ­мысты істеуге жол ашады», дейді О.Абдрахманов

Алайда кәсіпкерлер қауым­дастығын алаңдататын жайттар бар. Ең басты мәселенің бірі – арнайы салық режімінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салықтық шегерімдерді қолдануға қойылған шектеулер. «Үй жа­нындағы дүкендер» желісінің өкілі Ләззат Досмағамбетованың айтуына қарағанда, бұл жаңа нормалар шағын бизнестің дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

«Корпоративтік табыс са­лығы мен шегерім – маңызды құралдар. Біз, жеке кәсіпкерлер, тұрғындарға, ЖШС-лерге өнім жеткіземіз. Егер жаңа кодекске сәйкес ірі бизнес бізден алынған тауарларды шегерімге қоса алмаса, олар бізбен жұмыс істеуден бас тартады. Мұндай жағдайда өнімдерді тек жеке тұлғаларға ғана сата аламыз. Ал бұл біздің табысымызды азайтады», деді Л.Досмағамбетова.

Атырау облыстық кәсіпкер­лер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаевтың пікірінше, кәсіпкерлердің алаңдаушы­лығы негізсіз емес. Сол себепті, бизнестің өңірдегі ерекшеліктерін ескеру қажет.

«Атырау облысының кәсіп­керлері әрқашан заң аясында жұмыс істеуге ұмтылды. Заң­намалық нормалар шағын және орта бизнестің дамуына кедер­гі болмауға тиіс. Салықтан жал­таруға қарсы күрес қажет. Алай­да адал кәсіпкерлердің өсу мүм­кіндігі шектелмеуі керек. Осы орай­да жаңа ережелерде өңірлік ерек­шеліктер, соның ішінде ірі ЖШС-мен тығыз жұмыс істеу мә­се­лесі ескерілуге тиіс», дейді ол.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше