Қоғам • Бүгін, 17:05

Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы екі ірі браконьерлік деректі әшкереледі. Нәтижесінде Теміртау және Астана қалаларының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды

Алғашқысы Осакаров ауданында табиғатты қорғау полициясы мен жергілікті аңшылық қоғамының бірлескен рейді кезінде анықталды.

«Тексеру барысында Теміртау қаласының екі тұрғыны басқарған көліктерден жалпы салмағы 120 келіден асатын бұғы еті табылды. Күдіктілердің ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің қарулары тәркіленді»,  дейді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

«Охотзоопром» инспекторымен бірлескен рейд кезінде Астана қаласының үш тұрғыны мінген көліктен төрт киіктің бөлшектелген еті анықталды. Бұл Нұра ауданында болған оқиға. Олардан да тиісті құжаттар табылмады. Тінту барысында тіркелген мылтық пен пышақтар алынған.

Аталған деректер бойынша заңсыз аңшылыққа және сирек жануарларға қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты қылмыстық істер қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда.

Қарағанды облысы