Экология • Бүгін, 16:23

Талдыкөлде тазарту жұмыстары жүргізілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық еріктілер Кіші Талдыкөл көлін биологиялық әдіспен тазартты, деп жазады Egemen.kz.

Талдыкөлде тазарту жұмыстары жүргізілді

Фото: gov.kz

Көлді тазартуға Bacillus штамдары негізінде дайындалған қазақстандық экологиялық қауіпсіз биопрепараттары қолданылған. Су айдынының жағалау аумағынн қоқыстан тазалауға «Astana Jastary» жастар қозғалысының еріктілері мен  Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері атсалысқан. 

Бұл шара 2025 жылдан басталған су айдындарын биологиялық оңалту жобасының кезең-кезеңімен атқарылатын кешенді жұмыстарының бір бөлігі.

Қазіргі уақытта №5 учаскеде жұмыс жүріп жатыр. Процесс ұзақ әрі биопрепараттарды тұрақты енгізуді, санитарлық шараларды және су сапасына үнемі мониторинг жүргізуді қажет етеді.

«Естеріңізде болса, көктемде көлдің бетінде гүлденген қабық пайда болып, шіру процесі жүріп жатқан еді. Жағдай шынында күрделі болды. Алайда қазіргі қолданылып жатқан технологиялардың нәтижесінде айтарлықтай оң өзгерістерді көруге болады. Бұл – заманауи әдістер мен табиғи шіру процесінің арасындағы «көрінбейтін майдан». Бірақ нәтиже бар: көлдің жағдайы жақсара түсті», деді Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы Рашид Айдар.

Кіші Талдыкөлді тиімді тазарту үшін сұйық концентрат және зертханада алдын ала дайындалатын арнайы био-шарлар пайдаланылған. Әр қолданар алдында судан сынама алынып, көлдің сол уақыттағы жағдайы талданған.