Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2025

Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттаған азамат сотталды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев қалалық соты терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынды 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттаған азамат сотталды

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы ауызша уағыздар жүргізіп, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтірген. Оның әрекеттері тұрғындардың санасына ықпал етіп, радикалды көзқарастарды қалыптастыруға бағытталғаны анықталды.

Іс қарау барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдерді зерттеу кезеңінде белсенділік танытып, айыптауды толық қолдады.

Барлық жайттарды ескерген сот үкімімен тұрғын кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.