Білім • Бүгін, 12:40

30 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында 80 мыңнан астам педагог тегін курстардан өткен. Оның ішінде 57,8 пайызы – ауыл мектептерінің мұғалімдері, деп жазады Egemen.kz.

30 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері мұндай курстарда  39 мыңнан астам педагог біліктілігін шыңдаған. Желтоқсан айына дейін тағы 30 мыңнан астам мұғалімді қамту жоспарланған. 

Бағдарламалар бастауыш сыныптан бастап, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерін қамтиды. Сондай-ақ тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікке қатысты білімін жетілдіреді. 

Олардың ішінде 80 сағаттық 43 курс офлайн форматта өтсе, 2 курс онлайн форматта ұйымдастырылған. Әсіресе «Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттерін қалыптастыру», «Қаржылық сауаттылық негіздері», «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» және Келешек мектептерінің педагогтеріне арналған курстарға басымдық беріледі.