Мәдениет • Бүгін, 17:23

Аида Балаева Әміреге қолдау білдірді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева “Интервидение-2025” музыкалық байқауына қатысқан танымал әнші Ернар Садырбаевқа (Amre) қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева Әміреге қолдау білдірді

Өз жазбасында министр әншінің кәсіби шеберлігін жоғары бағалап, бір ғана байқаудың нәтижесі өнерпаздың талантының ауқымын айқындай алмайтынын атап өтті.

- Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!, - деп жазды ведомство басшысы желідегі парақшасында.

Министрдің жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылауға себеп болды. Көпшілік қолдау сөздеріне үн қосып, Әміренің шығармашылығы еліміздің мәдени өмірінде әлдеқашан өз орнын алғанын, ал өнерпаздың өзі табандылық пен сахнаға адалдықтың жарқын үлгісі болып отырғанын атап өтті.