Заң • 18 Қыркүйек, 2025

Атырауда бағалы балықты заңсыз сатқан 2 адамнан 58,4 кило бекіре тәркіленді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының полицейлері «Бекіре-2025» іс-шарасы кезінде бағалы бекіре балығын заңсыз сатқан екі күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда бағалы балықты заңсыз сатқан 2 адамнан 58,4 кило бекіре тәркіленді

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізді. Сол кезде 56,8 кило 9 бекіре балығы, 500 грамм қара уылдырық табылды. Сондай-ақ, автокөлітен 1,6 кило бекіре мен 500 грамм уылдырық тәркіленді.

«Қазір күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалы жүргізіліп жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15