
Тексеру барысында 400-ден астам SIM-карта, ондаған банк картасы мен бірнеше мобильді телефон тәркіленген. Аталған құрылғылар заңсыз әрекеттер үшін қолданылғаны анықталып отыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, SIM-карталар мен телефондар telegram және whatsApp мессенджерлерінде тіркеу кезінде растау кодтарын қабылдау үшін сатып алынған. Қазіргі таңда ұсталған азаматтардың интернет-ресурстар арқылы жасалған бірқатар алаяқтықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
- Интернет-алаяқтықпен күрес – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Біз SIM-карталардың заңсыз айналымына қатысты тізбектерді анықтап, полицияның өзге де бөлімшелерімен бірлесе отырып, барлық мән-жайды анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді тергеу іс-шараларын жүргізіп жатырмыз, - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
Қазіргі уақытта толық көлемде тергеу және жедел шаралар кешені жүргізілуде.