Спорт • Бүгін, 14:20

Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатын екі қола жүлдемен қорытындылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары мәресіне жетті. Балуандарымыз жаһан біріншілігінің финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.

Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатын екі қола жүлдемен қорытындылады

Фото: United world wrestling

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 70 келіде ел намысын қорғаған Нұрқожа Қайпанов финалға бір қадам жетпей тоқтады. Ол жартылай финалда моңғолиялық Тулга Тумур Очирдан жеңіліп қалды. Нәтижесінде Нұрқожа үшінші орын үшін өткен белдесуде молдовалық Василий Дьяконды жеңіп,  қола медаль қанжығалады.

61 келіде Асылжан Есенгелді де үшінші орынға табан тіреді. Асылжан қола жүлде үшін өткен кездесуде америкалық Джексон Форрестен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады. Ал Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) бесінші орынға тұрақтады.

Команда көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады. Ол бірінші белдесуінде ресейлік балуанға есе жіберді.