Қытай елінде істі болып жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың сот отырысы қай күні өтетіні белгілі болды. Анасының айтуынша, алғашқы отырыс сәуір айының басына жоспарланған. Бұл туралы 7NEWS хабарлады.
Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін сот отырысына қыздың анасы мен адвоткаты бармақ. «Алғашқы сот отырысы 3 сәуірде болады. Ол жаққа мен және адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов екеуміз барамыз. Маған соттың ашық түрде өтуіне байланысты қызыммен кездесуге мүмкіндік барын айтты», – дейді Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың құқық қорғау органдары 20 жастағы қазақстандықтан есірткі заттарын сатумен айналысты деп күдіктенуде. Қазақ қызы өткен жылдың наурызында Гунчжоу әуежайынан Малайзияға ұшайын деп тұрған жерінде ұсталған болатын. Ол өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Туғандарының айтуынша, Ақжарқынға құрбылары жұмыс ретінде сәндік киімдердің жеткізіп берушісі (курьер) болуды ұсынған. Отандасымыздың Гуанчжоудағы тергеу изоляторында отырғанына бір жылдан астам уақыт өтті.
Істің өткен жылдың көктемінен бастап қолға алынуына Қазақстанның құқық қорғау органдары да мүдделі болғанын айта кетейік. Дегенмен, осы іс бойынша елімізден Қытайға жіберілген арнайы адамдардан тергеу амалдарының қалай аяқталғаны туралы мәлімет тараған жоқ.
Еламан Қоңыр.
Дерек: 7NEWS.
Сурет: 365info.kz.
• 20 Наурыз, 2015
Қытайда ұсталған қазақ қызының соты 3 сәуірде өтеді

5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06