Футбол • Бүгін, 14:30

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығатын күн белгілі болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайрат» футбол командасы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде бақ сынайды.  «Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығатын күн белгілі болды

Фото: fckairat.com

Жанкүйерлер асыға күткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні 17: 00-де сатылымға шығады. Билеттер клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында қолжетімді болады. 

Бір ЖСН бойынша бір адамға екі билеттен артық сатылмайды. «Қайрат» футбол командасы деректер сатып алу және стадионға кіргізу кезінде мұқият тексерілетінін атап өткен. 

Ал билет бағасы 30 000 - 250 000 теңге аралығында белгіленген. 

«Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді. Билеттердің бір бөлігі дәстүрлі түрде бекітілген әлеуметтік және клуб квоталары аясында бөлінеді. Олар «Қайрат» Академиясының және клуб филиалдарының бапкерлері мен тәрбиеленушілеріне, паралимпиадалық спорт түрлерінің спортшыларына, сондай-ақ клубтың қызметкерлері мен ардагерлеріне беріледі», делінген ресми хабарламада. 

Сондай-ақ клуб желіде билеттің алдын ала сатылымы туралы жалған ақпарат таралып жатқанын ескертіп, билеттерді Qairat SuperApp мобильді қосымшасы және Ticketon сервисі арқылы сатып алуға кеңес беріп отыр.