20 Наурыз, 2015

Қазақ жігіті Малайзия премьер-министрінің қызына үйленді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-03-15-kazakh_jigiti-1

АСТАНА. 20 наурыз. Кеше қазақстандық Данияр Кесікбаев Малайзия премьер-министрінің қызы Наджиба Разака Нуриане Наджвеге үйленді. Бұл туралы The Straits Times хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, той 19 наурыз күні премьер-министрдің Путраджая қаласындағы «Seri Perdana» атты резиденциясында өткен. Ол елдің астанасы Куала-Лумпурға жақын жерге орналасқан. Оған Малайзия королі Абдул Халим Муадзам Шах, министрлер, елшілер мен  дипломаттар қатысқан. Сондай-ақ Әбу-Даби мен Сауыд Арабиясынан қонақтар келген. Жас жұбайлар АҚШ-та оқып жүргенде танысқан. Порталдың мәліметінше, Данияр болашақ қалыңдығына алғаш рет 2011 жылы 17 маусымда сақина таққан екен. Салтанатты рәсім премьер-министрдің резиденциясында өткен. Айта кетейік, Наджва Вашингтондағы университтердің бірінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі кезде белгілі бір компанияда қызмет етеді. Ал Данияр Кесікбаев Нью-Йорктегі Колумбия университетін бітірген. Тағы бір дерек, Данияр осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан қашып кеткен аты танымал Майра Құрманғалиеваның ұлы екен. Мұрат Айтқожа.