Digital • 12 Қыркүйек, 2025

Цифрлық ипотека іске қосылды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде  екінші нарықтағы үйлерді рәсімдеуге арналған «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба Әділет және Цифрлық даму министрліктерінің бірлескен бұйрығымен бекітілді. Енді жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату жөніндегі нотариалдық мәмілелерді толықтай онлайн рәсімдеуге болады, деп жазады Egemen.kz

Цифрлық ипотека іске қосылды

Жаңа жүйе ипотекалық несиеге өтінім беруден бастап, тұрғын үйді рәсімдеуге дейінгі барлық процесті қамтиды. Азаматтар банк сайты немесе мобильді қосымша арқылы «Цифрлық ипотеканы» таңдап, онлайн калькуляторда үйдің құны, бастапқы жарна және несие мерзімін енгізеді. Ай сайынғы төлем автоматты түрде есептеліп көрсетіледі.

Өтініш беруші ЖСН мен телефон нөмірін енгізіп, SMS арқылы растау жасайды. Осылайша келісімдерге қол қойылып, сатып алу-сату шарты электронды түрде рәсімделеді.

Айта кетейік, бұған дейін Freedom Bank «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнеске арналған алғашқы цифрлық кредитті ұсынған еді. Енді жеке тұлғалар үшін де қолжетімді онлайн ипотекалық өнім пайда болды.

Бұл бастама тұрғын үй нарығында рәсімдерді жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30