ПЕТРОПАВЛ. 20 наурыз. Ресейдің Архангельск қаласында өткен гір көтеруден халықаралық турнирге қатысқан солтүстікқазақстандықтардың бәрі әлем чемпионы атанып,30 алтын медаль олжалады. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
Әлемдік деңгейдегі жарысқа 15 елден 200-ге жуық гір көтеруші жиналып, өзара күш сынасты. Қазақстанның намысын 8 саңлақ қорғаса, үшеуі Қызылжар өңірінен келді.
Жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар интернатының тәрбиеленушісі Виктория Рогачева додалы бәсекеге алғаш рет қатысқанына қарамастан жарты сағат ішінде 10 килолық гір тасын 377 рет көтеріп, өз салмақ дәрежесі бойынша жеңістің ең биік тұғырына көтерілген.
63 жастағы Ерік Нұрпейісов елге 10 алтын медальді мойнына тағып оралды.
«12 килолық гір тасын екі қолмен кезек-мезек 440 рет көтеріп, алғашқы алтын медальді иелендім. Одан әрі әртүрлі аталымдар бойынша сайысып, есе жіберген жоқпын»,–дейді саламатты өмір салтын серік еткен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Биыл алпысты алқымдап отырған спорт ардагері Виктор Сайко бұған дейін әлем чемпионы тәжін бірнеше мәрте ұтып алса, осы жолы да нағыз спорттық бабында екенін танытқан.
Осылайша солтүстікқазақстандық үш спортшы жалпы жиынтығы 30 алтын медаль иеленіп, есімдері Гиннестің рекордтар кітабына жазылды.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz
Сурет: egemen.kz
• 20 Наурыз, 2015
Солтүстік Қазақстан гір көтерушілері Гиннестің рекордтар кітабына енді

Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15