Президент • Бүгін, 11:05

ҚХП өкілдері Жолдаудағы бастамаларды іске асыру жолдарын ұсынды

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Халық Партиясы (ҚХП) «Экономиканы жаңа талаптарға сай басқару. Қоғамды одан әрі демократияландыру және Әділетті Қазақстан қағидаттарын орнықтыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кейінгі Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға арналды, деп жазады Egemen.kz.

ҚХП өкілдері Жолдаудағы бастамаларды іске асыру жолдарын ұсынды

Кездесуді Мәжілістегі ҚХП фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов жүргізді.

Қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамаларды талқылап, оларды жүзеге асырудың нақты жолдарын қарастырды. Жиынға депутаттармен бірге мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, кәсіпкерлер және қоғам белсенділері қатысты.

«Бүгін біз Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды саралап қана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты тетіктерін де талқылаймыз деп сенемін. Бұл жиын ашық пікірталас алаңына айналары анық», деді депутат.

Жиында қатысушылар Президент Жолдауында айтылған басты мәселелерді талқылады. Олар тапсырмаларды орындау жолдары аясында өз ұсыныстарын айтты. Әсіресе барлық салада цифрландыруды дамыту, Парламенттің жұмысын жақсарту, құқықтық, экономикалық және саяси жүйелерді жетілдіру, заманауи қоғам қалыптастыру тақырыптары көтерілді. Кездесуге депутаттардан бөлек мемлекеттік органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер қатысты.

сурет

«AMANAT» партиясының депутаты Марат Башимов жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен тәуекелдерін жақсылап зерттеу керек екенін айтты. Ол ЖИ жүйесін басқару, оның адамдардың денсаулығына әсері және жаңа технологияларды әскери мақсатта пайдалану сияқты мәселелерге назар аудару қажет екенін жеткізді. Депутат сонымен қатар цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөлу керек екенін және бұл іске жастарды көбірек тарту маңызды екенін атап өтті.

«Жасанды интеллект – кез келген ел экономикасының қозғаушы күші. Біздің қазақ тілінде өз платформаларымыз, өз серверлеріміз болуы қажет», деді ол.

фо

«Ауыл» партиясының депутаты Анас Баққожаев ауыл шаруашылығы саласында субсидиялау есебін жүргізуге ЖИ-ді қолдануды ұсынды.

«Президент ЕАЭО елдерімен салыстырғанда субсидиялау деңгейі бойынша біз айтарлықтай артта қалып отырғанымызды нақты айтты. Бұл біздің фермерлердің бәсекеге қаблетті болуына кедергі келтіреді. Кәсіпкерлерді толыққанды цифрлық ортаға бейімдеуге дайын болуымыз керек», деді Баққожаев.

фото

ҚХП депутаты Ирина Смирнова болса, цифрландыру жемқорлықпен күрестің пәрменді тетігіне айналатынын жеткізді.

«Барлық қаржы қозғалысы ашық көрсетілсе, қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылау жеңілдейді», деді ол.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтты.