Көрме • Бүгін, 07:45

Көкжиектен көркемдік іздеген

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Президенттік орталықта танымал суретші, өнертанушы және дизайнер Анар Әубәкірдің «Абай толқынында» атты жеке көрмесі ашылды. Іс-шара ұлы ойшылдың 180 жылдығына арналды.

Көкжиектен көркемдік іздеген

Мәдени іс-шараның ашылуында Пре­зиденттік орта­лықтың директоры Бақытжан Темірболат қылқалам ше­берінің шығармашылығы туралы жылы лебізін білдірді.

«Бүгінгі көрмеге дәстүрлі ұлт өнерін заманауи көр­кемдікпен үйлестірген Анар Әубәкір 35 жаңа туындысын ұсынып отыр. Бұл ең­бектерінде ол Абайдың фи­лосо­фиялық идеясы мен ағартушылыққа ұмтылысын қайта пайымдап, терең ой түйеді», деді ол.

Жалпы, көрмеге автордың бас-аяғы алпыстан астам жұмысы қойылған. Оның шығармашылығының бір ерекшелігі – медитациялық тәжірибе мен көркемдік зерт­теулердің синтезіне негіз­делген. Әрбір кескін­деме­сі айшықты. Адамды фило­софиялық ойға тартады. Сондай-ақ шебердің киізден жасаған дүниелері, киімдері, ою-өрнектері және басқа да тұрмыс заттары да кестелі бедерленген. Ай­та­лық, «Қап­сырма» картинасы мен «Сарымай» инсталляциясы – «қос образ» қағидасымен өрілген.

Көрме барысында суретші өз туын­дыларында Абай идеясының бүгінгі таңда да өзектілігін көрсеткісі келгенін айтты.

«Хакім атамыздың «Қара­сөздері» адамға шабыт сыйлайды. Мен үшін Абай – тарихи тұлға ғана емес, ол – бізді және қоршаған әлемді түсінуге көмектесетін даналықтың қайнар көзі», дейді автор.

Бүгінде көрме иесінің есімі елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелге  де таны­мал. Бірқатар туын­дыла­ры Германия, Ресей, Татар­стан музейлері мен жеке коллек­цияларын­­да сақтаулы тұр. Ха­лық­­ара­лық көрмелердің тұрақты қаты­­су­шысы. Бір сөзбен айтқанда, Анар Әубә­кірдің көрмесінен ұлттық дәс­түрді сақтай отырып, қазіргі заманауи өнердің көкжиегінен жол іздеген ізденісті байқадық.