ҚОСТАНАЙ. 23 маусым. Қостанайда журналист, аумақтық «Костанайские новости» газетінің бас редакторы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Сергей Харченконың «Екі ел, екі тағдыр, бір мақсат» («Две страны, две судьбы, одна цель») атты кітабының тұсаукесері өтті. Оған тарихшылар мен әлеуметтанушылар, философтар, зиялы қауым өкілдері және журналистер шақырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сергей Харченконың «Екі ел, екі тағдыр, бір мақсат» кітабы биыл Мәскеудің «Перо» баспасынан жарық көрген болатын. Кітаптың ерекшелігі, оның тең жартысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, екінші жартысы Ресей Президенті Владимир Путиннің өмір жолы, қызметі, мемлекеттік, қоғамды қайраткерлігіне арналған. Кітап екі жақтан да парақталады. Автор «Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлт көшбасшысы, еуразиялық ойшыл» деген бөлімде Елбасы феноменіне үңіледі. Оның өсу жолын, өмірін, шыққан ортасын айта отырып, ірі саясаткер болып қалыптасуындағы алғы шарттарды көрсетеді. «Барлаушы, саясаткер, патриот» деген бөлімінде Ресей Президентінің қалыптасуын әңгімелейді. Автор екі бөлімде де көрші екі ірі елдің Президенттерін әлемдік саясаткер тұлғалармен қатар қояды, оны дәлелдейді.
Тұсаукесерде кітап туралы жылы лебіздер айтылды. Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов: «Мемлекеттің дамуы мен нығаюында оның басшыларына көп нәрсе байланысты. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін барлық республикалар үшін оңай болған жоқ, барлығы да қиын уақыттан өтті. Біздің Елбасыға барлығын қайтадан құру, дамудың жолын таңдау оңай болмағаны белгілі. Экономикалық байланыстар үзіліп, қалай жүруді білмей дағдарғанда тығырықтан жол тапты. Ең бастысы елде саяси дағдарысқа жол бермеді. Мысалы, Байқоңыр мәселесін шешу, еліміз Астанасын көшіру, жаңа қала көтеру секілді ірі мәселелер шешімін тапты. Соның барлығының ең ауыр жүгі Елбасының иығына түскенін білеміз. Кітапта осының барлығы публицистикалық сипатта әдемі берілген. Біз Елбасыны барлығымыз жақсы білеміз деп ойлаймыз, ал шын мәнінде осы ірі тұлға жөнінде білмейтініміздің өте көп екенін Сергей Васильевичтің жаңа кітабын парақтағанда айқын сезінеміз», деді.
Кітап авторы Сергей Харченко тұсаукесерде жиналғандарға және кітап жөнінде пікір білдіргендерге рахмет айтты және бұл тақырыпқа барған себебінен де көпшілікті хабардар етті. Сергей Харченко: «Мәңгі көрші елміз, әріптеспіз. Қазір өте күрделі уақытта өмір сүріп отырмыз. Мұндайда біз Президентімізді қолдауымыз керек. Мен осы жөнінде Ресейдегі жағдайларға ренжимін. Мен негізі оппозициялық пікірлерге қарсы емеспін,. Оппозиция да елдің дамуына, болшағына мүдделі болуы және Президентке бір мәселенің балама түрін ұсынып отыруы, өзінің пікірін білдіруі тиіс. Оппозициялық бағыт ол Президентін сыйламай, қаралау деген сөз емес» деді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Оның 300 данасы облыс кітапханаларына таратылды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 23 Маусым, 2015
Қостанайда Қазақстан мен Ресей президенттері туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026