Оқиға • Бүгін, 10:15

Балқаштағы мектептерге жарылғыш зат қойылғаны рас па

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарағанымен, ол жалған болып шықты. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балқаштағы мектептерге жарылғыш зат қойылғаны рас па

Фото: ІІМ

Құзырлы органдардың дерегінше, қаладағы барлық білім беру мекемелері полицейлер тарапынан толық тексеріліп, ешқандай күдікті зат табылған жоқ.

«Жалған мәлімет тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелері полиция қызметкерлерімен тексерілді — ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», делінген хабарламада.

Полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабардың қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, тұрғындарды сабыр сақтауға, арандатушыларға ермеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.