Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025

Аквашаруашылық ашылды

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Каспий теңізінде теңіз аквашаруашылығын дамытуға арналған алғашқы тор қоршамалар Маңғыстау облысының Құрық портында суға түсірілді. Жоба Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен, «Organic Fish» ЖШС қолдауымен жүзеге асып отыр. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов, «Organic Fish» ЖШС бас директоры Ержан Аманқосұлы, құрылтайшылар мен сала ардагерлері қатысты.

Аквашаруашылық ашылды

Аталған жабдық Норвегияда жасалып, Каспий теңізінің табиғи жағдайына бейім­делген. Бұл еліміз бен Каспий теңізі тарихындағы ең үлкен тор қоршамалар саналады – әрқайсысының айналымы – 120 метр, тереңдігі – 25 метр. Алғашқы екі жылда өндіріс көлемі 300-ден 1 600 тоннаға дейін жетіп, кейін жылына 5 000 тоннаға дейін ұлғаюы көзделген және 80-нен астам жұмыс орны ашылады.

Құрық портына жеткізілген тор қор­ша­малар шетелдік және отандық маман­дардың күшімен құрастырылып, порттан 20 шақырым оңтүстіктегі теңіз аума­ғына орнатылды. Экологиялық жағы­нан теңізге еш зияны жоқ, дейді мамандар. Ендігі жұмыс – тор қоршамаларды Кас­пий албырты тұқымдас балықпен толтыру.

Аквашаруашылық жобасы Норвегия аквакультура институтының көп­жылдық ғылыми зерттеулеріне негізделіп әзірленді. Теңіз суының гидрологиялық, гидрофизикалық және гидрохимиялық сипаттамасы, сондай-ақ учаскенің батиметриясы жан-жақты зерттелген. Табиғи таза ортада балық өсіру басты бағыт бол­ғандықтан, балықтар экологиялық таза жеммен қоректеніп, теңіздің табиғи жағдайында өсірілмек. Бұл жағдай олар­дың пайдалы қасиеттерін толық сақтауға мүмкіндік береді.

«Бүгін Маңғыстау облысы үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін тарихи мәні бар маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Елімізде алғаш рет тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы іске қосылып, Каспий теңізіне алғаш­қы тор қоршамалар түсірілді. Бұл жоба – Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру, аквашаруа­шы­лығын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылып отыр. Бастама жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды заманауи балық шаруашылығы саласына тартуға мүмкіндік береді. Жоба отандық теңіз аквашаруашылығының дамуына жол ашып қана қоймай, аймақтық экономикалық өсімге, экспорттық әлеует­тің артуына және экологиялық тұрақ­тылықтың сақталуына зор үлес қосады», деді өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай.

Өңірлік балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашевтың айтуынша, тауарлы балық өсіру шаруашылығымен айналысушылар саны күн санап өсіп жатыр.

«Бұл кәсіп иелеріне мемлекеттік қолдау да зор. Атап айтқанда, балық өсіру үшін биологиялық негіздеме, дәрі-дәрмек, аналықтарын және шабақтарды сатып алу шығындарының 50%-ы өтеледі. Оған қоса, балық азығына жұмсалған шығындардың 30%-ы өтеледі. Маңғыстау өңірінде балық шаруашылығымен маусымдық негізде 609, тұрақты түрде 105 балықшы айналысады. Жыл басынан бері 4 150 тонна балық ауланды. Сондай-ақ саланы дамыту үшін «Аквашаруашылық туралы» заң қабылданып, балық өнімдерін қайта өңдеуді және несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тетіктері қарастырылды», дейді.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025