Заң • Бүгін, 17:45

Мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы жымқырғандар жазаланды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Маңғыстау облысы прокуратурасы мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізген, деп жазады Egemen.kz.

Мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы жымқырғандар жазаланды

Фото: Жоғарғы сот

Тексеру нәтижелері бойынша «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталған. Тергеу аясында 3 адам ұсталған. Оның ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп тапты. Кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
 
Мердігер компанияның екі өкілі әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді.
 
Сотталғандар 250 млн теңге көлемінде шығынды өтеген. Үкім заңды күшіне енді.