
Осыған байланысты «Orda» ақпараттық-талдау арнасының бас редакторы Г.А. Бажкеноваға қала прокуратурасы Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының талаптарын ауызша және жазбаша түрде түсіндірді.
Сонымен бірге оған ел заңдарын бұзудың жол берілмейтіні ескертіліп, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы қатаң түсіндіру берілді.
Сондай-ақ азаматты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп қасақана жалған айыптау деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігінде 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылық қарастырылғаны түсіндірілді.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, қоғамдық ортада, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жалған әрі шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға шақырады.