Парламент • Бүгін, 16:42

Парламент Палаталарының бірлескен отырысы шақырылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Парламент Палаталарының бірлескен отырысы шақырылды

Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.