Теннис • Бүгін, 14:22

Заңғар Нұрланұлы тарихи жеңіспен US Open жартылай финалына өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы US Open турнирінде тарихи жетістікке жетіп, жартылай финалға жолдама алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңғар Нұрланұлы тарихи жеңіспен US Open жартылай финалына өтті

Фото: ҰОК

ITF Juniors рейтингінде 54-орында тұрған Нұрланұлы ширек финалда жарыстың 13-ші ракеткасы Тимофей Дерепаскомен кездесіп, 1,5 сағатқа созылған тартысты ойында басым түскен.

Енді ол финалға шығу үшін болгариялық Иван Ивановпен немесе германиялық Максим Шонхауеспен кортқа шықпақ.