Тағайындау • Кеше

«Қазселденқорғау» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

«Қазселденқорғау» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл қызметті енді Аслан Сабыржанұлы атқарады. 

Аслан Сабыржанұлы 1983 жылы Алматы қаласында туған. Ол әр жылдары мемлекеттік органдарда және жеке құрылымдарда жұмыс істеген. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Селденқорғау Құрылыс» ШЖҚ РМК директоры болған.