Аймақтар • Кеше

Өнер мен өнеге ордасы

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы шаһарда құрылысы басталған мәдениет орта­лығында концерт залы мен тарихи-өлкетану мұражайы орна­ласады. Құрылыс алаңының аумағы – 38 173 шаршы метр.

Өнер мен өнеге ордасы

Облыс әкімі Серік Шәпке­новтің дерегіне қарағанда, жаңа ғимаратта үш блок болады. Оның бірі – 1200 орындық концерт залы. Ал екінші блокқа тарихи-өлкетану музейі орналасады. Тарихи жәдігерлер жинақталатын блокта цифрлық және ғылыми кітапха­на, ғылыми-зертханалық кешен, ше­берлік бөлмелері, архивтік қор сақтау орны мен көрме залдары, экспо­зициялық кеңістіктерге орын беріледі.

Сондай-ақ екі блокты «Домбыра» пішініндегі көрініс алаңы бай­ла­ныстырады. Жобалаушылар ұлт­­тық аспап түріндегі алаңда касса­лық галерея қосалқы қызметтік бөл­ме­лерді орналастыруды көздепті.

«Мемлекет басшысы Атырауға келген сапарында жаңа мәдени орта­лық салу қажеттігіне назар аударды. Оған ұлы күйші Құрманғазы ата­мыздың есімін беруді ұсынған еді. Президент тапсырмасына сәй­кес ең үлкен мәдени нысанның құры­лысы басталды. Бұл ғимарат тек архи­тектуралық нысан емес, рухани жаң­ғырудың жарқын көрінісі, ұлт мәдениетінің алтын көпірі, өнер мен өнегенің ордасы болады», дейді Серік Шәпкенов.

 

Атырау облысы