
Фото: ҰОК
Қазақстан құрамасынан үшінші кезеңге тек үш спортшы жолдама алды. Олар – алматылық Абдулла Мамай, қарағандылық Владислав Захаров және Жамбыл облысының өкілі Ескендір Харки.
Отандық теннисшілер 3 қыркүйекте негізгі жарыс кестесіне шығу үшін жарысты жалғастырады. Қазақстандық спортшылардың қарсыластары да белгілі болды:
- Абдулла Мамай – Флориан Буррассо (Франция);
- Владислав Захаров – Юань Лицен (Қытай);
- Ескендір Харки – Лев Кацман (Ресей)
Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің жетекші теннисшілері қатысып, Қазақстан спортшыларына тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік береді.