
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жаңа кесте ең алдымен қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік мекемелерге қатысты болмақ
Жаңа тәртіпке сәйкес, 15 қыркүйектен бастап: •
- Қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да басталады;
- Астана әкімдігінің қызметі 7:30-да басталады;
- Кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмыс күнін 7:30 бен 8:00 аралығында бастайды.
Сәйкесінше жұмыс күнінің аяқталу уақыты да өзгертіледі.
Ал жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, халыққа қызмет көрсету орталықтары және өзге де әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.
Айта кетейік, Астанадағы кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан сағат 8:00-де басталады.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл шара негізгі магистральдардағы көлік ағынын реттеуге көмектеседі. Сонымен қатар, тұрақ ережелерін бұзатын автокөліктерге қатаң шара қолданылып, құқықбұзушылардың көліктері айып тұрағына эвакуацияланатын болады.
Қоғамдық көлікті дамыту бағытында да жұмыстар жалғасып жатыр. Жаңа жылдам бағыттар мен маршруттар ашылуда, жаңа автобустар шығарылуда, жолдарды салу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әкімдік бұл шаралар кешенді түрде таңертеңгі және кешкі уақытта жолдардағы кептелісті азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.